«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бастамасымен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 09 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 31 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мүшәйраға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары қатысып, өз бақтарын сынады.

Аудан деңгейінде өткен мерекелік мүшәйраға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Мақтаарал газетінің жауапты хатшысы Ұ.Исмайлова және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Б.Тынысбай қатысып, жарысқа қатысушы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Бірнеше сайыс бойынша сынға түсіп, бабы мен бағы қатар шауып, «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасында жеңімпаз болған, жүлдегерлер мен номинация иегерлеріне Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жарыстың қорытындысына сәйкес Бас жүлдені – М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Шотаев иеленді. Жүлделі І орынды – Нұрлы жол жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Тәжібай иеленді. ІІ орынды – Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы М.Тұрсын мен О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Ә.Сүлейменов иеленді. ІІІ орынды – №32 жалпы орта мектебінің ұстазы С.Қалдарбекова, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы А.Адаман, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Е.Қарақұл иеленді.

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасына қатысқан барша ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!  Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ» атты жас ақындар мүшәйрасы