“Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара”
Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 желтоқсан күні Мақтаарал мәдениет үйінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шара барысында Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңесінің және Мақтаарал аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев және Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов барша білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, 2019-2020 оқу жылы барысында жақсы жетістікке жеткен білім саласының қызметкерлерін арнайы алғыс хаттармен және кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттап, табыстады.
Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.