Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының мәніне бағалап, биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына сәйкес, жастар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары барысындағы білім саласындағы жұмыс істейтін көп балалы аналарды қошеметтеп 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында іс- шара өткізді.
Іс-шараға аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 20 мұғалім шақырылды. Олардың 10 білім саласында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі көп балалы аналар, ал 10 аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Іс-шарада аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы Раджу Сайлауұлы және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Тұрғанова Ақмарал Жақсыбайқызына сөз берілді. Өз сөздерінде көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат, құрмет грамотасы және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік концерт қойылды. Концерт соңында аналар алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті