Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Басқолбасшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді. Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды. Сол сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген екі бірдей ардагеріміз Оңалбаев Есенбек Молдатайұлы мен Асылбеков Тайыр Шәріпұлы біздің ауданымызда білім беру ұйымдарының қабырғасында қажырлы еңбек етуде. Осы ардагерлеріміз бейбіт күнде еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне, білім саласының дамуына үлес қосып келеді.
Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болуды Қазақ Елі үшін тер төгіп, мемлекет мүддесін жәдігердей сақтауымыз қажет. Білім саласындағы Ауған соғысының ардагерлерін 17 ақпан күні Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті құттықтап алғыс хат және арнайы сыйлықтарымен марапаттады.