Төлеби аудандық іс-шара.
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен, аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен Төлеби аудандық әлеуетті дамыту бөлімі акт залында кезекті жиналысы өтті. Күн тәртібі баяндалып, Раджу Сайлауұлы 2022 жылы атқарылған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Алдағы күндері өткізілетін Төлеби ауданының 90 жылдығына орай «Тұғыры биік Төлеби» атты мерекесін аудан көлемінде атап өтілуі жайлы және сол іс-шараға белсене атсалысуымыз қажет екендігі айтылды.
Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, ұзақ жылдар бойы кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздары мен бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларына арнайы сыйлықтарын табыстап, алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтап, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарын және аудандық кәсіподақ комитеті алғыс хаттарын табыстады.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.