Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж.
Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің бас есепшілерімен аппарат мамандарының қатысуымен семинар болып өтті . Семинар барысында,Кәсіподақ қоғалысы туралы бейнебаян көрсетіліп, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы ,Жергілікті кәсіподақтар туралы.Кәсіподақ ұйымдарындағы қаржы жұмысы , Кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы және кәсіодақ ұйымдарындағы іс-қағаздар жүргізу және есеп берудің түрлері,Әлеуметтік әріптестік,Екі жақты келісім мен Ұжымдық шарттар ,Кәсіподақ органдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары туралы мәселелер айтылып,талқыланды.Семинар қатысушыларына күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша анықтамалық құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар және кәсіподақ жетекшілеріне көмек ретінде,қажетті құжаттар енгізілген диск таратылды.
Семинар соңында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова кәсіподақ комитетінің мерейтой иелерін және туылған күн иелерін құттықтап,бағалы сыйлықтар тарту етті.