Ш. Алимов мерейтойы

Білім беру және тәрбие саласында жемісті еңбек етіп, заманға лайықты жаңа істердің жаршысы болып, жас ұрпақты жоғары азаматтық рухта тәрбиелеуге , білімді де білікті шәкірттер дайындауға мол үлесті қосып келе жатқан “1 Май” ЖОМ мектебінің директоры Алимов Шавкат Гайратович жақында зейнет жасына толды.

Мектеп ұжымымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің қызметкерлері, мектеп директорлары, ауыл әкімі,сондай-ақ ауданымыздағы «Өзбек этно-мәдени орталығының» өкілдері қатысты. Іс –шара барысында жылы лебіздер айтылып,бағалы сыйлықтар табысталды .

Құрметті Шавкат Гайратович! Сіз білім ордасы –мектептің жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмыс үрдісін ұйымдастыра білген шығармашыл басшы ретінде көпке танымал болдыңыз.

Сіздің педагогикалық қызметтегі сіңірген еңбегіңіз бен өмір жолыңыз кейінгі жастарға өнеге. Ұстаздық жолда қажымай-талмай еңбек етіп келе жатқан Сіздің бүгінгі зейнетке шыққан күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық , баянды бақыт, қуаныш, табыс тілейміз!

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ш. Алимов мерейтойы Ш. Алимов мерейтойы Ш. Алимов мерейтойы Ш. Алимов мерейтойы