Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс шара

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне

орай іс-шара болып өтті.

 

Шымкент политехникалық колледжінде қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қала колледждерінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті. Мемлекеттік әнұранды орындаудан басталған шарада елбасы Н.Назарбаевтың өмірінен бейнеролик көрсетіліп, өнер иелері патриоттық әндер орындаса, би шеберлері ұлттық билерді нақышына келтіре орындады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы тарапынан ұйымдастырылған «Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы – 2019» байқауында жүлделі 1 орынды иемденген Шымкент политехникалық колледжі марапатталып, арнайы диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, аталған колледждің бірнеше студентіне облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталары табыс етілді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс шара