Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерекесіне орай іс шара
Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерекесіне орай білім саласында еселі еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген кәсіподақтың белсенділерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Түркістан облысы маслихатының алғыс хатымен «Мырзакент» мектеп-гимназиясының директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Сейдахметов Пердебай Адамбекович марапатталды.
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Облыстық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен «Мақтарал» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аяпов Алим Серикбаевич және «О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бердышев Улик Мантаевич марапатталды.
Облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен Мақтаарал ауданы білім бөлімінің бас экономисті Утебаев Аралбай Асанович марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» төс белгісімен «Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шагдаров Абдумалик Туляганович, «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Досқараев Қанай Тұрсынұлы, «Х.Әлімжан атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сарманов Жарқынбек Кошкарович марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН №36 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шынтөреев Жолбарыс Сатыбалдиевич, «Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жакыпова Рыскул Салмановна, «С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Игенбаева Қалбибі, «Нұр Орын» бала бақшасының құрылтайшысы Усенова Роза Абдибековна марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН «Ержігіт» бала бақшасының меңгерушісі Пердебаева Камшат Усеновна, «Демеу» бала бақшасының меңгерушісі Касымова Шолпан Азимхановна, «Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантаев Алихан Асилханович марапатталды.