ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ҰСТАЗ БАРСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС .
2023 жылдың 19-20 қазан күндер аралығында Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 25 қазан – “Республика күні” қарсаңында облыс педагогтары арасындағы екінші жыл қатарынан қазақ күресінен “Ұстаз барыс” жарысы өткізілді. Облыс көлемінде өтіп жатқан жарысқа 17 аудан, қаладан 120-ға жуық спортшы 7 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз ара сыңға түсті.
Ал, түйе балуан бәсекесінде 12 балуан күш сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Отырар ауданының балуаны Төрекулов Асқар қатарынан екі рет осы жарыстың түйе балуаны атанды. Жарыстың “түйе балуанына” арнайы белбеу және жүз мың теңге сертификаты тапсырылды.
Командалық есепте:
(Отырар ауданы) 1-орын
(Қазығұрт ауданы) 2-орын
(Ордабасы ауданы) 3-орын
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысы білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмағанбетұлы, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы, Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сарсенбаев Ануар Амантайұлы арнайы грамота, медальмен және кубокпен марапаттады.
Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.