ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ҰСТАЗ БАРЫСЫ” ТУРНИРІ ӨТТІ.

Жарыс 7 салмақ бойынша өткізіліп, түйе палуан анықталды. Жеңімпаз мұғалімдерге аудандық кәсіподақ комитетінің грамоталары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Бұл ауданымызда қазақ күресінің дамуына жасалған елеулі қадам. Мұғалімдер мен барлық спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жеңімпаз мұғалімдер облыс біріншілінде аудан намысын қорғайды.
Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.