Қалалық іс шара

23 ақпан күні “Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті «№31 бастауыш мектеп – балабақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып Ауған сағысы ардагері, дене шынықтыру пәні Адырбеков Нурмахан Умирзаковичпен кездесіп қайтты. Кездесу іс шарасында Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің заңгері Ф.Дадабаев Ауған сағысы ардагерін құттықтап Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін табыстады. Мектеп балабақша директоры А.Шауенова мектеп әкімшілігімен өз құттықтауларын айтып ыстық лебіздерін білдіріп заттай сый- сияпат жасады.

 

Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қалалық іс шара Қалалық іс шара Қалалық іс шара Қалалық іс шара Қалалық іс шара Қалалық іс шара