«Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара

 

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен Дүниежүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбек қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында        28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні болып бекітілген.

Құрметті әріптестер! Баршаңызды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтаймыз!

Кәсіподақ ұйымдарының қызметінде де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі. Әр еңбек ұжымында бекітілген ұжымдық шарттарда, әр жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі, кәсіби аурулардың алдын алу, жұмысқа деген қабілеттілігін арттыру кәсіподақтардың басты мақсаты.

Осы бағыттағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты еңбек ұжымдарында сәуір айының 18 – 28 аралығында «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шаралар өтті. Сәуір айының 27 күні аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасы арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, ұжымдағы техникалық инспекторлар мен шаруашылық меңгерушілерінің қатысуында семинар өтті.

Семинарда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев еңбек қауіпсіздігіне, кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған ұжымдық шартқа енгізілген талаптарға тоқталып кіріспе сөз сөйледі. Негізгі баяндаманы «Ұлағат» жалпы орта мектебінің техникалық инспекторы «Облыстық еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының жеңімпазы М.Шалдарбеков жасады.

Семинар соңында комитет төрағасы Қ.Төлебаев еңбек қауіпсіздігіне байланысты және т.б. қойылған сұрақтарына жауап беріп, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара