Қош келдің, Жаңа 2024жыл!
Сауран ауданы білім бөлімі және Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің бірлесе ұйымдастыруымен 26 желтоқсан 2023 жылы Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Сауран ауданының әкімі Таңатаров Мақсат Асылбекұлының қатысуымен Мерекелік шыршаның шамы жағылды, думанды мерекеде Аяз ата мен Ақшақардың, театрланған ертегі кейіпкерлері балаларға таңғажайып әсер қалдырды. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға, сиқырлы ғажайыптарға толы болсын, құт-берекесімен келсін деген тілектерді жаудырды.
Мерекелік тарту ретінде Аз қамтылған отбасылардан шыққан 120 оқушыға кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима демеушілік жасап тәттілер мен сыйлықтар үлестірді.
Балалар салтанатты шарада ән мен биден шашу шашып көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.