«Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы

21.12.2022 жылы Түркістан қаласы мәдениет басқармасының «Ulu Dala Eli» орталығында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ ұйымдастыруымен «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді.

Форумға білім саласының қызметкерлері, ата-аналар, Облыстық жас туристер станциясының директоры С.Өмірбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы Ә.Биболова, облыстық ата-аналар ұйымының төрайымы А.Жакипова, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, Ауған соғысының ардагері Ж.Махашев, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан және т.б. қатысты.

Облыстық жас туристер станциясының 2022 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстары мен жетістіктері жайлы бейнеролик қойылып, мекеме директоры С.Өмірбаева форумға қатысушыларды құттықтап, бірқатар сыйлы қонақтар мен ата-аналарды марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан құттықтау сөз сөйлеп, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, қоғамда орын алып жатқан бірқатар мәселелер жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ, қоғам, отбасы, ата-ана, ұрпақ тәрбиесі тақырыптарында баяндамалар оқылып, бейнероликтер қойылды, қатысушылар арасында пікір алмасу (дебат) өтті.

Форум соңында «Ulu Dala Eli» орталығында ата-аналарға арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

«Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы