Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда

Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда

 

Өздеріңізге  белгілі  «Дара жол» бағдарламасы өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге  жеткен, елімізге  белгілі  танымал  тұлғаларға арналады.

Ал,бүгінгі біздің  дара жолда күнделікті тіршілікте қарапайым  қызметкерден комсомол, партия  хатшысы, мұғалімдіктен  мектеп  директорына дейінгі  баспалдақтан  өтіп, қарапайым  ғана адамдық  парасаттан  дара  жолын  сала  алған  Серікбай ағай  ортамызда.

Дүниеге  келген  әрбір  жанның өз  жолы, сол жолда  басып  өткен  ізі қалады. Кей іздер  «тайға таңба басқандандай» анық нық  қадамдардың  ізі  болса, кейбір  іздердің  бірін  танысақ, бірін  ажырата  алмай  жатамыз. Соған  байланысты  ел  ішінде  «сіз  салған жолмен  келеміз,сіздің ізіңізді  басып  келеміз» деген  сөз  бар. Әрине,бұл  үлгі,  өнеге жол.

Бүгін біз  бар ғұмырын  елге  қызмет  етуге арнаған  ұстаз, ардақты  әке, арқа  сүйер  аға, сүйікті  жар, батагөй  ата  атанған,  бейнеттің  зейнетін  көрер  шаққа  жақындаған  шақта  ортамыздан  «ел  асып» ортамыздан  кетіп  бара  жатқан  кейіпкеріміз Серікбай  ағайымыздың  жүріп  өткен  жолдарынан  сыр  шертсек  адами  қасиеттерін  танытатын  естелік  әңгіме  айтып  ойымызға  жақсысын  ала  білсек  деген  мақсат.

-Серікбай  ағай,  келген  қонақтарды  біз  танығанымызбен,  сіздің  өміріңізде  бұл  кісілердің  алатын  орны. Осы жөнінде  айтып, таныстырып  өтсеңіз.

-Бұл  кісілер  Шардара  ауданына  танымал  тұлғалар. Қызметтес,  әріптес, көңіл  қимас  дос  болдық. Момынов  Махмұт   қазіргі  таңда  зейнеткер, АББ-нің  басшысы, бірнеше  жыл  кәсіподақ  ұйымының  төрағасы  қызметін  атқарған; Нұрғали  Ибрайымов бірнеше  жыл АББ-де  әдіскер, мектеп директоры болып  қызмет еткен, зейнеткер ақын; Момынов  Әбдәшім  «Ақалтын» мектебінің директоры; Сол  мектепте  ұзақ  жылдар  мектеп директоры болып, қазіргі  таңда ДБІЖО болып  қызмет  атқарып жүрген Ендібаев  Мұхтар  және АББ-де кәсіподақ ұйымының төрағасы, інімдей болып кеткен Жұман  Ұлықбек  қатысып  отыр.

Таныстырудан  соң ағайдың өмірбаяндық  слайд көрсетілді.

-Серікбай ағай қандай бала, қандай оқушы болды?д еген  сұраққа  10 жыл мектеп қабырғасында  бірге  оқыған, мектебімізде физика пәнінің мұғалімі Сулеймани  Қурбан  мектептегі  оқушылық өмірінен  естеліктер  айтты.

Әрбір адамның қоғамдағы орнын  белгілейтін оның еңбегі.  Маңдай  тер, табан ақы адал еңбек қана адамды  ел  құрметіне  бөлейді.  Өмірін  өнегелі  етеді. Олай  болса,  біз таныған еңбек  адамы  қандай  еді?

Ағайдың  талапшылдығын,  тәртіптің  адамы екендігін, еңбекқорлығымен  қатар адамгершілігін мектебіміз  мұғалімдері де  тілге тиек етіп, талай оқиғаларды  еске түсірді.

Кісілік—адамгершіліктің  ең  биік  сатысы. «Жақсы  адам  көпшіл, жаман  адам  кекшіл» дейді  халқымыз.

 

Бәрі  де бар менде  Адамға тәннің бәрі бар.

Қанымда менің қайғының  құйған  уы бар

Жанымда  менің  қуаныштың  жиған  балы  бар.

Хайуанның  хайуандығы ғана  жоқ  менде

Бәрі де бар  менде

Адамға  тәннің  бәрі  бар,-деп  жырлаған

Иран-Ғайып ақынша  айтсақ,  сізде бәрі де бар.

Өмірде әр адамның  өз  жолы бар, оны  дара ету  әркімнің  өз  қолында.

 

 Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңда