Құрметті арулар, аяулы аналар!

Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Әйел – әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі

мереке сіздерге деген шынайы құрмет белгісі.

Қымбатты арулар!

Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Түркістан облысы білім және ғылым

қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек

Құрметті арулар, аяулы аналар!