Құрметті білім саласының қызметкерлері !
Құрметті білім саласының қызметкерлері !
Сіздерді «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атынан Жаңа жыл
мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Келер жылда Еліміздің келешек ұрпағына тәрбие мен білім беру жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін. Сіздерге және отбасы мүшелеріне амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін.
Жаңа жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Ортақ ісіміздің жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша кәсіподақ қызметкерлеріне, кәсіподақ мүшелеріне бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Облыстық кәсіподақ
комитетінің төрағасы Б.Еркінбек