Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесі – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметіміз қашан да арта бермек!

Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім- тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз.

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

Қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз бен абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін! Қызығы мен қиыншылығы мол ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бағытталып, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрінсін.

Денсаулықтарыңыз мықты, отбасы мүшелеріңіз аман, мәртебелеріңіз биік болсын.

Ізгі ниетпен,

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы                                                                                              Б.Еркінбек