Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен

шын жүректен құттықтаймын!

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің

басты мұратымыз.

Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да

бөлек. Сондықтан да «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың

әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған

асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен,

даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті

біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу

мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де

берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің

тәуелсіздігі баянды болғай!

Ізгі ниетпен,

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Б.Еркінбек