ҚҰРМЕТТІ
ҚҰРМЕТТІ
Алданияз Бастарұлы, Рабиға Шамақызы, Құманғазы Мұстафаұлы !
Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан еліміз үшін маңызы зор саяси додада жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс – Cіздердің осы уақытқа дейін еткен еңбектеріңізге берілген баға, алға қойған жоспарларыңыздың нақты және өз нәтижесін береріне кепілдік, халықтың сіздерге деген ыстық ықыласы мен құрметінің көрінісі.
Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді шешу үшін әрекет ету – халық қалаулысының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі.
Ұлтымыздың кемел келешегі жолында жасалған ірі саяси қадамдарыңыз қашан да нық, ел алдындағы абыройларыңыз – асқақ, мәртебелеріңіз – биік, мерейлеріңіз – үстем болсын. Халықтың сенімінен шығып, ел мүддесі, қоғам игілігі үшін аянбай еңбек ете беріңіздер.
Сайлаудағы бұл жеңістеріңіз – Сіздердің жеке және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының да мәртебесі.
Жеңіс құтты болсын!
Құрметпен, облыстық кәсіподақ
комитетінің төрағасы
Б.Еркінбек