Құттықтау 22-наурыз
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны.
Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
Құрметпен,
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Б.Еркінбек