Құттықтау 8 наурыз
Құрметті кәсіподақ комитетінің арулары !
Сіздерді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық комитеті атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Саладағы еңбек адамының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
Ізгі ниетпен,
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан
облыстық ұйымының төрағасы Б.Еркінбек