Үздіктер марапатталды!
Бүгін Түркістан облысында өңіріміздің қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азаматтарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбетәлиев “Белсенді қызметі үшін” төсбелгісімен және “Құрмет” грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында білім саласында еңбек етіп жүрген өкілдер де бар. Атап айтқанда, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлына, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Төлеби ауданының құрметті азаматы Раджу Сайлауұлына және Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Жолдасов Алданияз Бастарұлына «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың атынан берілген партияның ең жоғарғы төсбелгісі табысталды. Жыл соңында марапатқа ие болу – атқарған жұмыстардың жемісі деп білеміз.
«Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз мен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат» – деп мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев айтқандай, ел игілігі жолында атқарар істер әлі алда.
Барлық марапат иелерін құттықтаймыз.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.