ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісай ауданында білім саласы жыл қорытындысына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік жиынға Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының маманы Сакен Нұрлыбайұлы, Жетісай ауданы” Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, мәслихат депутаттары, оқу орындарының басшылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Мерекелік жиын барысында өз саласында оза шапқан 100-ден астам мұғалімдерге арнайы алғыс хаттар табысталып, соның ішінде үздіктерге, педагог мәртебесін көтеріп, ынталандыру мақсатында кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сертификаттар берілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Еркінбек осы іс-шараға Жетісай ауданының ұстаздарын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, Құрмет Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапаттауларын жолдады.

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы және кәсіподақ ұйымының маманы Сакен Нұрлыбайұлы төмендегі жыл үздіктеріне арнайы Алғыс хаттармен қоса қаржылай сертификаттар табыс етті.

  1. Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясына “Үздік мектеп” 100 000 теңге сертификаты мектеп директоры Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлына берілді.
  2. №58 жалпы орта мектебінің директоры “Үздік мектеп директоры” .Алиева Рабиға Ержановнаға 50 000 теңге сертификаты;
  3. №10 “Қайнар” мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Тыңғозиев Жұпарбек Айтмұрзаұлы “Үздік кәсіподақ жетекшісі” 50 000 теңге сертификаты табысталды.
  4. Д.Қонаев атындағы №9 ІТ лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанаева Ақмарал Базарбаевнаға “Үздік оқу ісі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  5. М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы Абилдаева Гулнар Ахметовнаға “Үздік тәрбие ісі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  6. “Тұран” №7 мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат Маратұлына “Үздік бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  7. Жетісай ауданынның әдістемелік кабинет әдіскері Қарсыбаева Айгул Тулегеновна “Үздік әдіскер” 50 000 теңге сертификаты;
  8. Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимбекова Гулмира Калдыбековнаға “Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  9. Ш.Уалиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбиева Кулсия Асиловнаға “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  10. №7 “Тұран” мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы “Үздік орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  11. А.Рудаки атындағы №23 жалпы орта мектебінің тәжік тілі мен әдебиеті мұғалімі Хамдамов Бабур Бабамуратұлына “Үздік тәжік тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  12. А.Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниязов Мавжуда Бердиевнаға “Үздік өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  13. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ахметова Гулнара Ибрагимнаға “Үздік ағылшын тілі мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  14. №43 “Қызыл-таң” жалпы орта мектебі Абдіқадіров Бақдаулет Көшербайұлына “Үздік математик” 20 000 теңге сертификаты;
  15. №62 “Кенесарыхан” атындағы жалпы орта мектеп физика пәнінің мұғалімі Бакиров Ғалымжан Амангельдиевичке”Үздік физик” 20 000 теңге сертификаты;
  16. Жұмакүл Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Муталханова Гаухар Ералиевнаға “Үздік информатик” 20 000 теңге сертификаты;
  17. Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Манапбек Сүндетғали Серікбекұлына, “Үздік химик” 20 000 теңге сертификаты;
  18. Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимнасының биология пәнінің мұғалімі Бердишева Ұлжалғас Тогаевнаға, “Үздік биолог” 20 000 теңге сертификаты;
  19. №50 Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлына “Үздік географ” 20 000 теңге сертификаты;
  20. №10 Қайнар мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Насимов Досымхан Каскарбековичке “Үздік тарихшы” 20 000 теңге сертификаты;
  21. С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебінің АӘ және ТД оқытушысы Құлбатыров Есболға “Үздік АӘжТД оқытушысы” 20 000 теңге сертификаты;
  22. “Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің” дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сапарбаев Мадижанға “Үздік денешынықтырушы пәнінің мұғалімі”, 20 000 теңге сертификаты;
  23. Музыка пәнінің мұғалімі Акылов Кенжехан, “Үздік музыка пәнінің мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  24. С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Тулебаева Улжамал Құдайбергеновнаға “Үздік кітапханашы” 20 000 теңге сертификаты;
  25. №11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясының педагог-психологы Бижигитова Жибек Айтбаевнаға “Үздік психолог”, 20 000 теңге сертификаты;
  26. Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің тәлімгері Ләззат Сламханқызы Төлемисоваға , “Үздік тәлімгер”, 20 000 теңге сертификаты;
  27. №25 жалпы орта мектебі әлеуметтік педагогы Сарайбаева Райхан Бердибековнаға “Үздік әлеуметтік педагог”, 20 000 теңге сертификаты;
  28. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі “Бүлдіршін” бөбекжай балабақшасы, “Үздік балабақша”, 50 000 теңге, сертификаты;
  29. “Алпамыс батыр” бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Алмағамбетова Хатира Арубайқызы, “Үздік меңгеруші”, 20 000 теңге сертификаты;
  30. “Мерей” бөбекжай балабақшасының әдіскері Алпысова Бибайша Аташбековнаға, “Үздік балабақша әдіскері”, 20 000 теңге сертификаты;
  31. “Наурыз” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Қаратаева Гулшат Аязбековнаға, “Үздік тәрбиеші”, 20 000 теңге сертификаты;
  32. М.Шоқай атындағы №26 жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Джанкулова Зина Бейсенбайқызына “Жылдың үздік қосымша білім беру педагогы”, 20 000 теңге сертификаты;
  33. М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Пазылбекова Жанар Амантаевнаға, “Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі”, 20 000 теңге сертификаты;
  34. Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Аблазов Серикбай Жұмабекұлы, “Үздік кесіндемеші”, 20 000 теңге сертификаты;
  35. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елмуратов Бауыржан Ильясовичке, “Үздік денешынықтырушы”, 20 000 теңге сертификаты;

Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғазиза Әлібекқызы ұстаздарға сәттілік тілеп, алғыс айта отырып, бұл форматтағы іс – шаралар жалғасын табатындығын айтты.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ