«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауы
«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, «Отыз жылдыққа отыз игі іс» шарасы аясында Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік әріптестік бойынша жұмысты жақсарта түсу, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, уақыт талабына сай жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге ынталандыру жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту, тәжірибесін жинақтау, қорыту, тарату, бағалау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өткізілді.
«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатына арналған жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, аудандық кәсіподақ комитетінің Атқару комитеті мүшелері мен негізгі және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты.
2021 жылдың 12 қазаны мен 25 қараша аралығында өткізілген байқаудың қорытындысына сәйкес жеңімпаз болған, жүлдегер болған және белсене қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті дайындаған мадақтама қағаздары, бағалы және қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Байқаудың қорытындысына сәйкес:
І орынды – №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айткулова иеленді (жүлде қоры 70 000 теңге)
ІІ орынды – Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қалауов пен С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Игенбаева иеленді (жүлде қоры әр төрағаға 35 000 теңге)
ІІІ орынды – Үлгілі жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов, №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Бектурганова мен Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Елемесова иеленді (жүлде қоры әр төрағаға 20 000 теңге)
«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауына белсене қатысқаны үшін:
Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Утегенов, №9 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Аккулов, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Султанова, Болашақ жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Телходжаева, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Бердышев, М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы У.Абдиевалар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтарға ие болды.
«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.