«Үздік жас мұғалім-2019» байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының іс-шара жоспарына сәйкес Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Елбасының жолдауындағы жастар жылына арналған жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аудандық «Үздік жас мұғалім-2019» байқауын ағымдағы жылдың 16-18 қыркүйек күндері аралығында №4 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында өткізді. Бауқауға аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 35 жас мұғалім қатысып, 1 кезеңде аналитикалық карта мен мұғалімнің портфолиосы үлгіге сай тапсырылды, 2 кезеңде өзін-өзі таныстыру және панорамалық сабақ немесе жоба тапсырмасы бойынша өз шығармашылықтарымен таныстырды. Байқау нәтижесінде 11 жас мұғалім қазақ әдебиеті, ағылшын, орыс тілі, тарих, бастауыш сыныбы, химия, биология, география, математика, физика және информатика пәндері бойынша  іріктеліп, тақырыпты ізденіспен ашып, жас ұрпақтың бойына құндылықтарды дарытып, оқушыларға сапалы білім беруде кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете білді. Байқаудың қортындысы бойынша 1 орын алған жас мұғалімдер өз пәндері бойынша облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.«Үздік жас мұғалім-2019» байқауы «Үздік жас мұғалім-2019» байқауы «Үздік жас мұғалім-2019» байқауы «Үздік жас мұғалім-2019» байқауы «Үздік жас мұғалім-2019» байқауы «Үздік жас мұғалім-2019» байқауы