Үздік мұғалім-2024 байқауы
Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ұстаздар арасында “Үздік мұғалім-2024” байқауы өткізілді.Тәуелсіз Қазақстанды өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Байқаудың басты мақсаты мен міндеті-шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін, ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін ынталандыру, білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау. Байқау 5-турдан тұрды. Байқау жеңімпаздарын аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсырды. Бас жүлде Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Иса Қалима Әбжаппарқызына тапсырылды.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.