Үздік тәрбиеші-2019 байқауы

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 16 наурыз күні Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты бала бақшалар арасында «Үздік тәрбиеші – 2019» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға Жамбыл ауыл әкімшілігдегі «Күн әлемі», «Қызылжаға», «Жамал әже», «Айкен-Тоғжан», «Би Мардан» және «Бибіш ана» бала бақшаларының тәрбиешілері қатысып, 6 сайыс бойынша (Сәлемдесу, Педагогикалық жағдаяттарды шешу, «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы, Үй тапсырмасы (еркін тақырыпта юморлық көрініс), Сұрақ-жауап және жұмыс барысындағы ең үздік көрнекіліктерімен таныстыру) сайысқа түсті.

«Үздік тәрбиеші – 2019» байқауына төрелік жасаған әділ қазылар алқасының құрамы:

  1. Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері –Баймаганбетова Сабира
  2. Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің маманы – Жанисов Ержан
  3. Жамбыл ауыл әкімшілігінің құрметті азаматы, жазушылар одағының мүшесі – Сыздықов Құралбек
  4. Ажар бала бақшасының әдіскері – Тойлыбаева Зухра

«Үздік тәрбиеші – 2019» байқауының қорытындысына сәйкес «Үздік тәрбиеші – 2019» байқауының жеңімпазы «Күн әлемі» бала бақшасының тәрбиешісі Пішенбаева Бағланай апайымыз иеленді.

«Қызыл жаға» бала бақшасының тәрбиешісі Өмір Әйгерім «Өнерлі тәрбиеші номинациясымен.

«Жамал әже» бала бақшасының тәрбиешісі Налибаева Алеся «Ізденімпаз тәрбиеші» номинациясымен.

«Айкен-Тоғжан» бала бақшасының тәрбиешісі Нуралиева Гулсім «Заманауи тәрбиеші» номинациясымен.

«Би Мардан» бала бақшасының тәрбиешісі Жасузакова Улдыгыз «Тапқыр тәрбиеші» номинациясымен.

«Бибіш ана» бала бақшасының тәрбиешісі Төреханова Айнұр «Шығармашыл тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды.

Сайысты ұйымдастырған және сайысқа қатысқан барлық бала бақшаның ұйымдастыруышлары мен тәрбиешілеріне Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арнайы алғыс хаттары мен мадақтамалары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы Үздік тәрбиеші-2019 байқауы