«Үздік флешмоб» байқауы
«Үздік флешмоб» байқауының жеңімпаздары
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру мақсатында облыстық кәсіподақ комитетінің құрамындағы колледждер бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Үздік флэш-моб» байқауын өткізді.
Байқауға 12 оқу орнының белсенді жастары қатысып, өздерінің жұмыстарын ұсынды. Облыстық комиссия түскен материалдарға зерделеу жүргізіп, олардың патриоттық мазмұнына мұқият қарап, үздіктерді анықтады. Облыстық байқау комиссиясының ұсынысына сәйкес атқару комитетінің шешімі бойынша І орын – Мақтаарал аграрлық колледжіне, ІІ орын – Шымкент Саз колледжіне, ІІІ орын – Шымкент Жол-көлік коллелджіне берілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, Диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан колледждер ұжымдарына облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары мен «Алғыс хаттары» тасырылды.
Байқау жеңімпаздары және кәсіподақ активі облыстық кәсіподақ комитетіне жұмыстарын ескере отырып, жақсы бағалары үшін алғыстарын білдірді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.