Үздік шығармашыл мұғалімдер марапатталды
ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді «Құрмет грамотасымен» және облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Мақсат – 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған мұғалімдер мен үздік ұстаздар еңбегін бағалау, оларға алғыс білдіру.
Өзектілігі: өңір аймағындағы білім сапасын арттыру, зейінді, зерделі баланы анықтау. Мұғалім мамандығының құрметін ел алдында таныту.
Іс-шараға 2021-2022 оқу жылында өткізілген Халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқаулардың республикалық кезеңінде жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған Түркістан облысының аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын дайындаған мұғалімдер қатысты.
Атап айтар болсақ: Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушының мұғалімі;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерін дайындаған – 22 мұғалім;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін дайындағын – 8 мұғалім;
Республикалық оқулардың қорытынды кезеңінің жүлдегерлерін дайындаған -15 мұғалім.