ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ

 

Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі жанынан құрылған кәсіподақ ұйымының қолдауымен және спорт жанашырлары дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұсынысымен «Үстел теннисі – пайдасы мол дара спорт» тақырыбында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейінің ұжым мүшелері арасында мектепішілік турнир өтті. Негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі сынды қарапайым әрі денсаулыққа аса пайдалы спорт түрін кеңінен тарату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортқа баса мән беруіміз керек- деген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгінгі таңда бірқатар жұмыстарды қолға алдық.Үстел теннисі қазіргі кезде көпшіліктің сүйікті спортына айналып үлгерді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар:

Ерлер арасында:

Сейсенбаев Қайрат /АӘД пәні мұғалімі/ – 1-орын;

Жәмбек Нұрлыбек /әлеуметтік-педагог/– 2-орын;

Ұласбеков Нышанғали /химия пәні мұғалімі/– 3-орын.

Қыздар арасында:

Мұсаева Жұлдыз /оқу ісі жөніндегі орынбасар / – 1-орын;

Әліпова Әсел /ұйымдастырушы -педагог/– 2-орын;

Дауылбаева Гүлнар /бастауыш сынып мұғалімі/– 3-орын.

 

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – ПАЙДАСЫ МОЛ ДАРА СПОРТ