Үш жақты келісімге қол қойылды

2019 жылдың сәуір айының 9-жұлдызында  «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Филиалы- Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған салалық үш жақты Келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсімі Түркістан қаласындағы  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтіп, Келісімге «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан бас маман Ж. Орынбасарова, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д. Турманова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б.Кенжебаев тараптар атынан қол қойды.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы бекітілді. Келісім   қала көлемінде білім беру ұйымдары мен мекемелерінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық келісіммен белгіленген оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін айқындау және бекіту мақсатында жасалған.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен ұжымдық шарттар жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық акт болып қана қоймай, ұжымдар ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеудегі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етпек. Жалпы, жоғарыда түзілен келісімдер кәсіподақ саласының жұмысы аясында бастау алып, жалғасып, жүзеге аспақ.

Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды