Ұлы Жеңістің 75 жылдығы

Биыл 2020 жылы жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан жандармен мақтанамыз.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ауыл әкімшіліктері және мектеп директорларымен бірге Қаратөбе жалпы орта мектебінде 41 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған 90 жастағы Кәрібаев Құдайберген және Ханарық жалпы орта мектебінде 40 жыл мұғалім оның 18 жылын мектеп директоры қызметін атқарған 88 жастағы Ахметжанов Ирисбек аталарымызды Жеңістің 75 жылдығына арналған медальін, шапан және арнайы сыйлықтарын табыстап, Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында ардагерлерімізге Ұлы Жеңіс күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектесетінін айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы