Ұстаздардың арасында өткен жарыстар қорытындыланды.

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай білім беру мекемелерінің ұстаздарының арасында спорттың баскетбол, волейбол, кіші футбол, үстел теннисы, шахмат пен тоғызқұмалақ түрінен өткен спартакиаданың финалдық ойындары өткізілді.

Финалдық жарысқа аймақтық, өңірлік кезеңдерде жеңімпаз атанған мектептер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Екі күн өткізілген финалдық жарыста жеңімпаз болған, жүлдегер болған және үздік ойын өрнегін көрсеткен ұстаздарға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен мадақтамалары табысталды.

Аудан деңгейінде өткен жарысқа белсене қатысқан кәсіподақ мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздардың арасында өткен жарыстар қорытындыланды. Ұстаздардың арасында өткен жарыстар қорытындыланды. Ұстаздардың арасында өткен жарыстар қорытындыланды.