Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен
мұғалімдер арасында «ҰСТАЗДАР БӘЙГЕСІ» интеллектуалды сайысы өтті.
“Ұстаздар бәйгесі” интеллектуалды сайысының мақсаты:
— кәсіподақ ұйымының жұмысын дәріптеу;
— мұғалімдердің интеллектуалдық қабілетін арттыру;
— шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру;
— педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын, қарым-қатынас дағдыларын, эмоционалдық тұрақтылығын, өзіне деген сенімділігін, өзара достық қарым-қатынастарын арттыру.
5 кезең бойынша сайысқа түскен ұстаздар логикалық сұрақтармен қатар, құқықтық сауаттылыққа бағытталған сұрақтарға жауап берді.
Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі бағыттағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Интелектуалды сайыс нәтижесінде:
1 орын – физика информатика пән бірлестігі;
2 орын – бастауыш сынып пән бірлестігі;
2 орын – тарих-география бірлестігі;
3 орын – Казақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі;
3 орын – дене шынықтыру пән бірлестігі;
3 орын – шетел тілі (ағылшын) пән бірлестігі иеленді.
химия – биология пән бірлестігі және орыс тілі мен әдебиет пән бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды.
Сайыс соңында жеңімпаз топтарды марапаттаумен қатар 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.