ҰСТАЗДАР БАҚ СЫНАСТЫ
Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің, және білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен ұстаздар арасында футзалдан аудандық турнир ұйымдастырылды.
Турнирге 9 команда қатысып, өзара бақтарын сынады. Турнирдің қорытындысына сәйкес
І-орынды Арыс ауыл округінде орналасқан білім ұйымдарының қызметкерлері иеленді.
ІІ-орынды Қарабұлақ ауыл округіндегі мектеп мұғалімдері иеленсе,
ІІІ-орынды Манкент ауыл округінде орналасқан мектеп ұстаздары иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегер ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.