«Ұстаздар және кәсіподақтар күні» мерекесі
«Ұстаздар және кәсіподақтар күні» мерекесін аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілгендігін мәлімдейді. «Ұстаз жолы – ұлы жол!» атты аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері, ардагер ұстаздар және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі орынбасары алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.