«Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен 04 қазан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Қос мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық мәслихаттың депутаты, жастар ресурстық орталығының басшысы С.Кенжебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, БАҚ өкілдері, зейнеткер ұстаздар, мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар қауымы қатысты.

Мерекелік шара барысында білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар қауымына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі – Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Устеновқа, Жаңа жол жалпы орта мектебінің директоры Г.Айнабековаға, Шолпан бөбекжай бала бақшасының меңгерушісі М.Бибосыноваға табысталды. Құрмет грамоталары – О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ж.Нурумбетоваға, Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Балғабековаға, М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Т.Абдиева табысталды, Алғыс хаттар – Мырзакент мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Батырхановаға, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Асанбаеваға, В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қ.Бердалиеваға, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Ж.Рыскелдиевалар марапатталды.

Сонымен қатар мерекелерге орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаевтың, АМАНАТ партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсеновтың, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серікбаевтың алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік шараның қорытынды бөлімінде білім беру саласына бар ғұмырын арнаған ағарту саласының үздіктері, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған бағалы сыйлықтары табысталды.

Салтанатты шараның екінші бөлімі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, марапат алған ұлағатты ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ

комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Қос мереке құтты болсын!

Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді. «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді. «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді. «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді. «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізілді.