«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Ұстаздар күніне» орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге білім саласында көп жылдар талмай еңбек еткен 24 ардагер шақырылды.
Мерекелік жиында аудан әкімнің орынбасары А.Оралбаев ұстаздарды құттықтап, үздік ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен 7-адамды және аудандық мәслихаттың грамотасымен 5-адам марапттады.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Еркінбек бірқатар кәсіодақ белсенділерін құттықтады:
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,
«Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан білім саласы қызметкерлеріне арналған «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен 1-адамды марапаттады.
Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Ә.Сәдірмек «Ұстаздар сабақтастығы» мен облыстық білім басқарамасының марапаттарын 6 адамға тапсырды.
Ардагер ұстаздардың мерекелік құттықтауды ардагер ұстаз Амантай Сексенбайұлы мен З.Маханова жалғастырып , Зейнеткерлік жасқа келген 10 кәсіподақ мүшелері,
ұстаздарды және ұстаздық еңбек жолын бастаған 2018-2019 оқу жылында жұмысқа қабылданған 5 «Жас мамандарға» еңбек кітапшасын тапсырып марапттады.
Жас маман «Достық» жалпы орта мекебінің математика пәнінің мұғалімі Орынбасар Бақтияр Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерінің АНТЫН салтанатты түрде тапсырды.