Ұстаздар күні – Құрмет күні!

Ұстаздар күні - Құрмет күні!

Сарыағаш аудандық білім бөлімі мен Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде

5 қазан Мұғалімдер күні мерекесі Салтанатты аталып өтілді. Іс-шараға аудан әкімі А.Абдуалиев, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Акатов, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы

Ә. Тастанбеков мырзалар , Аудан Ұстаздарына өз құттықтауларын ыстық лебіздерін білдіріп , Республикалық “Алтынсарин” медалімен, Оқу – ағарту министрінің Алғыс хатымен Республикалық “ӨРЛЕУ” Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері төс белгісімен, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісімен Аудан әкімінің, Аудандық білім бөлімінің Құрметті марапаттарымен бағалы сыйлықтарымен марапаттап табыстады. Сонымен қатар ауданның Зиялы қауым өкілдері, Ардагер ұстаздарымыз да шақыртылып бағалы сыйлықтармен гүл шоқтары беріліп, сый-құрмет көрсетілді. Ұстаздарға арналған концерттік қойылымдар кәсіби әншілер ән шырқап, бишілер тобы сахнаның төрінде мерекелік көтеріңкі көңіл сыйлады. Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.