«Ұстаздар күні»

06.10.2018жылы Түркістан облысы Сайрам ауданы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай аудандық білім беру бөлімімен бірлесе  отырып іс-шара өткізілді.Мерекелік іс-шараға  білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымының төрағалары,  озат мұғалімдер , еңбек ардагерлері, БАҚ құралдарының  өкілдері қатысты.Сахнаға құттықтау сөздерімен аудан әкімі , аудан мәслихатының хатшысы , білім беру бөлімінің басшы орынбасары, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы шықты.Мерекелік іс-шарада озат мұғалімдерге Құрмет грамоталары мен сыйлықтар тапсырылды. Сонымен бірге іс-шараға шақырылған зейнеткерлерге бағалы сыйлықтар берілді. Ұстаздар құрметіне  сахнада № 1 Балалар саз мектебінің  шәкірттері  концерттік бағдарлама  ұйымдастырды. Мұғалімдер күніне орай жергілікті баспасөз құралдарында құттықтаулар , озат мұғалімдер туралы  мақалалар жарияланды.

«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»