Ұстаздар ұлықталды!
Бүгін қазан айының 6-сы күні Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінің үлкен залында ұстаздардың мерекесіне арналған облыстық «Ұстазыма мың алғыс» салтанатты мерекелік жиыны болып өтті. Мерекелік жиынды облыс әкімі Д.Сатыбалды құттықтау сөзімен ашып, бірқатар ұстаздар мен сала ардагерлерін «Облыстың құрметті азаматы» атағымен, алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Әбішев ұстаздарға өзінің ыстық лебізін арнап, сала үздіктерін алғыс хаттармен марапаттады.
Іс шараға Б.Еркінбек бастаған облыстық кәсіподақ комитеті мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары белсене атсалысты.
Салтанатты жиында жезтаңдай әншілер мен саланың өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Облысымыздың педагогтерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.