«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті  ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шарасын өткізді.

Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі орынбасары алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Төлеби ауданы кәсіподақ комитеті төрағасы Р.Сайлауұлы құттықтау сөзін айтып, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарын табыстады.  Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара