«Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара
МӘЛІМЕТ
2021 жылдың 30 қыркүйегі күні Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №52 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен және аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара өтілді. Аталмыш іс-шарада мектеп директоры Ж.Айнабекова мен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Т.Бектурганов мектеп ұжымын келе жатқан мерекелермен құттықтап, ұстаздар қауымының кәсіби төл мейрамы қарсаңында шығармашылықпен көзге түскен мұғалімдерді Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының атынан берілген Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Атап айтқанда, патриоттық тақырыпта және ұстаздар туралы әндер шырқалды. Мектептің би үйірмесінің белсенділері өз өнерін көрсетті. Жас мамандар тарапынан сахналық қойылымдар көрсетілді. Мерекелік концертке арнайы шақырылған бір топ ардагер ұстаздар кешті қорытындылап, өз кезегінде құттықтау лебіздерін білдірді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтілді.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Дайындаған: Т.Бектурганов
87753576000