ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ…

Бүгін ұстаздар қауымы ұлықталған күн болды. Кәсіби мереке күні қала басшыларының жылы лебізін тыңдап, еңбегінің жемісі ретінде сый-сияпаттарға ие болды.

Жалпы қоңыр күз ұстаздар қауымына мол қуаныш ала келетiндiгi шындық. Күздiң алғашқы күнi «Бiлiм күнi» аталып өтiлiп, ұстаздар мектеп қабырғасында ұзақ үзiлiстен кейiн шәкiрттерiмен қайта қауышады. Ал, қазан айының алғашқы аптасы ағарту саласының қызметкерлерiне арналғандай. Бұл уақытта барлық мамандық иелерi өз ұстаздарын еске алып, оларға жылы сөздерiн арнауға, бiр шоқ гүлдерiн ұсынып, шәкiртiнiң үлкен өмiрге лайықты қадам басуы үшiн аянбай еңбек еткен ұстаздарына алғыс айтуға асығады. 25 жылдан берi аталып өтiлiп жатқан “Мұғалiмдер күнi” мерекесi қарсаңында қала басшылары яғни қала әкімі Р.Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаевтар да түркістандық ұстаздар қауымына шынайы ықыластарын жеткiздi.

Қалалық мәдениет үйіне жиналған ұстаздарға педагогтардың өмірінен сыр шертетін бейнефильм ұсынылып, аға буын ағартушылардың лебіздері де осы фильмнен орын алды. Өңір басшысы Рашид Абатұлы ұстаздарға құрмет толастамайтындығын айта отырып, олардың жұмыстарын жеңілдету мақсатында жасалынып жатқан жаңалықтарды тілге тиек етті. Өз сөзі барысында қызметтің ең ауыры да, ең қошеметтісі де мұғалім мамандығы екендігін аңғартқан қала әкімі бірқатар ұстаздарға қала әкімі мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет грамоталарын» табыс етті. Ал, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Амантайұлы да барлық жылы лебіздері мен шынайы тілектерін педагог қауымына жолдап, ең үздік педагогтарға ұсынылатын «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін қос ұстазға табыс етті. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздар халық қалаулысының қолынан Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталарын» қабылдап алды.

Өнерпаз жас өрендер ән мен биден шашу шашқан мерекелік шара шынайы жоғары көңіл-күй сыйлап, мерекенің мәнісін ұғынуға жағдай жасады. Ұстаздардың әнұранына айналған «Ұстазым» әні орындалып, шәкірт баулыған жандарға құрмет көрсетілді.

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ...