«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГЕМ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мақтараал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 03 қазан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай «Ұстазым – ұлағаттым, үлгі – өнегем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Қос мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Е.Салиев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ардагер ұстаздар, мектеп басшылары, БАҚ өкілдері мен ұлағатты ұстаздар қатысты.
Мерекелік іс-шараның негізгі бөлімінде білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Түркістан облысы әкімінің, Облыстық кәсіподақ комитетінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихат пен аудандық білім бөлімінің марапаттары табысталып, тапсырылды.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің «Құрмет грамотасымен» Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Исламова марапатталды, «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген үшін» төсбелгісімен №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Аяпов, Ы.Алтынсарина атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Дурменбаев марапатталды.
«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен «Шұғыла» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Мырзабаева марапатталсы, Алғыс хатымен «Нұрлы таң» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Уматаев марапатталды.
Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен М.Тоқжігітов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Абдиева, Ы.Алтынсарина атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Ақназаров, «Бірлік» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Ширинов, Х.Әлімжан атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің директоры С.Омарбекова, А.Пушкин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Тулендиева марапатталды.
«Аманат» паритясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов марапатталды.
Сонымен қатар аудандық кәсіподақ комитетінің атынан ардагер ұстаздарға да арнайы сыйлықтар ұсынылып, табысталды.
Мерекелерге орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздарымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.