Ұстазын ұлықтаған ұлы той!
Ұстазын ұлықтаған ұлы той!
Алғыс хатпен көмкеріп, гүлмен кестеленген марапатқа толы күн!
«Алты Алаштың ұрпағы бас қосса төр мұғалімдікі» -деп жоғарыдан орын ұсынатын Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы басқарған ұжымның ұйымдастыруымен және Фатима Абутәліпқызы басқарған Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен аудан бөліміне ауыл білім мекемелерінің мұғалімдерін жинап үлкен жиын өткізді.
Жиында Сауран Ауданы Әкімдігі әкімі Ғани Рысбеков мырза , облысымыздың бас ұстазы Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасын басқарып отырған Рахымбек Жолаев мырза, Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Абутәліпқызы, Сауран Ауданының Мәслихат хатшысы Күнпейісов Мейрамбек мырза ұстаздарды құттықтап, мерейін тасытатын құрмет сөздерін арнап аудан білім мекемелерінің мұғалімдерін марапаттады.
Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлының «Алғыс хатымен»10 мұғалім марапатталды; Искакова Света, Абдукаримова Ләззат, Бабатаев Эльбрус, Жанабекова Гүлзипа, Ахмедова Зулпия, Абишева Рахия,Сәрсенбаева Гүлнара, Айтметов Маматрайм, Тубелбаева Эльмира, Исмайлова Захра. Ауданының Мәслихат хатшысы Күнпейісов Мейрамбек мырзаның «Алғыс хатымен» 5 мұғалім марапатталды;
Батырбекова Рая, Султанова Рая, Азимова Тажихан, Анламасова Гулжахан, Қайназарова Гулдерай.
Облысымыздың бас ұстазы Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының басқарып отырған Рахымбек Қуатбекұлының «Алғыс хатымен»10 мұғалім марапатталды; Нурметова Гулнара, Кошанов Нұрлыбек, Шахапова гүлсара, Ахмедова Муқаддас, Жарасбаева Бибизада, Шажалиева Захида, Амирбекова Гулмира, Джакенова Зилайха, Усербаева Светлана, Рахманов Улугбек.
Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері» төс белгісімен 9 мұғалім марапатталды; Ерімбет Тамар, Мамитова Худайберген, Сулейменова Кенжекул, Сейсенова Гулмира, Манашев Талғат, Балтабаев Алишер, Тулепбаев Ержан, Кушанов Асадулла, Бегметова Дларам және «Құрмет граммотасымен» Азизханов Шерзод, Камилова Махира, Сатбаева Кулзина, Гульмира Ерниязова.
Еліміздегі ежелден бері қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі–ол үлкенді сыйлау.
Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы білім саласына үлес қосқан ардагер ұстаздарымызды да ұмыт қалдырмады. Өмір мектебі, еңбек жолы кейінгі жастарға үлгі болған ұстаздарымыз Жолдасбекова Бексұлу, Жарылқасынов Балтабай , Ахмедов Сейілхан, Абдулла Айша, Шарафутдинов Ахтам, Байбуриева Раушан, Тажибаева Шакира, Тубелбаев Кенжебек, Мухаммедов Зухриддин, Уринбасаров Абсалам, Абдуваситов Абдуважит, Нарымбетова Бибіхан,Маннапов Шавкат сынды сындарлы ардагер ұстаздарымызға елеулі еңбектерін бағалап, сый-сыяпат табыстап, құрмет көрсетті.
Кеш бүлдіршіндер әнімен түрленіп, билерімен толығып, ағалардың ән шашуымен көмкерілді.
Мерекелеріңіз құтты болсын ұстаздар!