«Ұстазға – мың алғыс» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 05 қазан күні Аудандық мәдениет сарайында «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне арналған «Ұстазға – мың алғыс» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Ұлағатты ұстаздарымызға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Отырар ауданы әкімі Қ.Жолдыбай және орынбасары А.Құлмахан ,Ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев, облыстық білім беру орталығының директоры Б.Төлімет,Сапаны қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы С.Пақымбетов аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Көлбаеа, БАҚ өкілдері, білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, педагогтары мен ұлағатты ұстаздар қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында білім беру саласында жақсы көрсеткіш көрсеткен ұлағатты ұстаздарға Алтынсарин медалі,облыс әкімінің Алғыс хаты,Түркістан облысының Аманат партиясының Алғыс хаты,Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төс белгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Отырар ауданы әкімінің, аудандық мәслихаттың, «АМАНАТ» партиясының Отырар аудандық филиалының, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің марапаттары табысталды.
Қос мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздар жақсы көңіл-күймен тарасты.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.