«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 3 қазан күні «Мұғалімдер күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекесі аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілді. «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шараға ауданның озат мұғалімдерімен ардагер 200 ұстаз және кәсіподақ төрағалары  шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген  ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады.  Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»